Ығыстыр етістігінің қимыл атауы. 1. Қозғау, жылжыту, сырғыту. Құрылысшылардың алдында тауды ы ғ ы с т ы р у сияқты ауыр міндет тұрса да, ол ұзақ жолмен жүк тасудан гөрі әрі арзан, әрі оңайға түсті (Ә.Бірмағамбетов, Қаз. геог. хрест.). 2. а у ы с. Қуу, қашыру, шегіндіру, тықсырту. Жау біздің жігіттерді осы үйлерден ы ғ ы с т ы р у ниетін көздепті (С.Сейітов, Сөз сұра.). Үлкен ізгі ойлардың қабығы өзгешелеу болса да, дәні ұқсас келеді. «Өзі жақсыға бір кісілік орын бар» демей ме қазақ атаң. Гәп солай болуда ғой, солай бола білуде ғой. Сонда кеш келсең де үлкендердің қасынан төрден орын тиеді. Ендеше өнерде, әдебиетте – өмір атты үлкен сахнада біреуді иықтан қағып ы ғ ы с т ы р у д ы ң ешбір реті жоқ: орын баршаға жетеді (М.Әлімбаев, Көңіл күнд.). 3. х и м. Химиялық реакция барысында молекуладан атомдар тобының бөлінуі (Қаз. тілі термин. Химия). // п с и х. “Психологиялық қорғаныштың" бір түрі, индивид үшін қолайсыз ойлардың, естеліктердің,күйініштердің санадан "қуып шығарылу" процесі. Алайда бұлар алаңдау, қорқыныш және т.б. нысанында сақталып, индивидтің мінез-құлқына ықпал етуін жалғастыра береді. Ы ғ ы с т ы р у терминін 3.Фрейд енгізген (Қаз. тілі термин. Педагогика.).