ЫДЫРАУ

lat: YDYRAÝ

1 Ыдыра етістігінің қимыл атауы. 1. Іру, бөлініп-бөлініп кету; бөлшектену. Сүт қымыз боп ашығанда, сүт қантының ы д ы р а у ы н а н және көмір қышқылы газының пайда болуынан оның тығыздығы едәуір төмендейді (Қымыз). Химиялық тазарту әдісі ластағыштармен реакцияға түсіп, ерімеген коллоидтық және ішінара еріген заттардың ы д ы р а у ы н а жәрдемдесетін реагенттерді қалдық суларға қосуға негізделген (Т.Қалыбеков. Экология.). 2. Таралу; тарау. Геренгтің айтуынша, түстердің бірінен-бірі тумағы ы д ы р а у мен тірілудің алмасуынан болса керек (Ж.Аймауытов, Шығ.). 3. а у ы с. Бүліну, бұзылу. Бұл коллектив көз алдарында жүрген Жанатқа жергілікті жерде-ақ көмек көрсетудің орнына, «Сапарбек неге сайрандап жүр. Оған тыйым болмай мадеп, сыртқа қарайды. Көлденең бір күш келуін тілеп отыра берген. Сөйтіп, бір семьяның ы д ы р а у ғ а дейін баруына төзіп келгенаязитұлы, Қаз. мұғ.).