2 з а т. 1. ф и з. Ядролардың нейтрондармен соққылануына негізделген атом ядросының бөлшектену процесі. Фесенков жұлдыздар қойнауында, оның ішінде Күннің өзінде де ядролық ы д ы р а у процестері жүріп жатыр деп санайды (К.Сапарбайұлы Геология.). Ы д ы р а у басқа да атомдарды бөлшектейтін жаңа нейтрондар мен энергияның көп мөлшерін шығарады (Қаз. тілі термин. Әскери.). Бірақ ұзақ заман сыртқы геологиялық күш әсерімен ы д ы р а п, жемірілген, мүжіліп шөгіп осы күнгі бейнелері қалыптасқан (Н.Баяндин, Ата мекен). Кейінгі кезде ғалымдар Археозой, Протерозой эраларын бір сөзбен кембрийге дейінгі уақыт деп, оны элементтердің радиоактивтік ы д ы р а у ы арқылы зерттеп, үлкен ғылыми табыстарға ие болып отыр (Н.Баяндин, Ғасырлар.). 2. х и м. Материалдың аса берік тепе-теңдік күйіне көшуіне мүмкіндік беретін, жаңа зоналар мен фазалардың туындауына негіз болатын аса қаныққан ерітінділердің біркелкілігі мен құрамының өзгерісі. Екі фазалы ы д ы р а у – артық (көп) құрамбөлікпен ұяқалыпты (негізгі құрылымды және фазаны құрастырушылар) жұқарту, бөлінгіш айналасындағы кішкентай көлемде жүргізілгендегі аса қаныққан қатты ерітіндінің ыдырауы; мұнда қоюлығы әртүрлі екі қатты ерітінді қатар жүреді (Қаз. тілі термин. Кен.). Фазалы ы д ы р а у кезінде жаңа фазалар пайда болады (Қаз. тілі термин. Кен.). Ы д ы р а у д ы ң басталуы тау жыныстарының түзіле бастауына сәйкес келеді деп болжап, тау жыныстарының жасын анықтауға болады (К.Сапарбайұлы Геология.).