ү с т. Мүмкін. Қаракем айтқан халқына Ы қ т и м а л деп Арқаны Орыс келсе алуға. Сонан соң көштік Шыңғыстан, Жиделі Байсан баруға (А.Байтұрсынов, Жоқтау). Сізге әлгідей ақыру, жекірудің керегі жоқ, кім біледі, бір шешеден тумағандығын істейді деп кектене беруі ы қ т и м а л (Ж.Аймауытов, Шығ.). Жылу жинай жүрмін деп жұртты алдаушылар шығу ы қ т и м а л ы бар (Абай, Тол. жин.). Тегінде, баланы өзінің отыруға шамасы келмейтін кезде еріксіз отырғызу қате. Бала бүкір болып қалуға ы қ т и м а л (М.Жұмабаев, Шығ.). Думаның көпшілік жағының жаны жоғалтамыз деп отырған 3-иші июнь законында. Бұлардың 3-нші июнь законын жоғалтумен өздерінің көптігін жоғалтуы екеуі бірдей. Соның үшін күні ертең бұл мәселе туралы депутаттар жарысқа түскенде, әлгі тілек құр тілек болып қалуы ы қ т и м а л (М.Дулатов, Шығ.). // Мүмкіндік, болу, болмауы белгісіз нәрсе. Қазақта жөн ақылмен ой бекітпек, Нәпсі ұнаса болғаны, бәрі бітпек. Тәуекел деп ат қойып ы қ т и м а л ғ а Байлауы жоқ нәрседен пайда күтпек (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).