[ар.] з а т. 1. Жақсы ниет, пиғыл. Айтыңыз насихат сөз қосып басын, Шын болып бір Аллада ы қ ы л а с ы ң. Ғасірейіл бір күн келіп жаныңды алса, Дүниеден кетеді ғой ғаріп басың! (Мәшһүр-Жүсіп. Павлодар). Жомарттық қылған жігіттің Ы қ ы л а с ы н байқасаң, Толқып соққан көлмен тең (Шал ақын). Өмірде мал жимаған өз басына, Бәрін берген нашарға, жолдасына. Қайдағы жыртық киім, дорбалыны Жиып ап, асыраған, өз қасына. Ешкімнен ешбір нәрсе сұрамаған, Жұрт өзі әкеп берген ықыласын (С.Торайғыров, Алаш ұраны.). Байдікіндей ет-қымызымыз болмаса да, айран-шалабымыз, ы қ ы л а с ы м ы з болады ғой.. – деп жылы сөздің де шетін сездіріп, бір-екі сиырдың ірімшігі мен қаймағын, қатығын аузына тосады (Ж.Аймауытов, Шығ.). 2. Зерде, ынта. Аяттарға ешкімнің ы қ ы л а с ы, көңілі менен ғылымы жетіп құптағанын көргеніміз жоқ (Абай, Тол. жин.). Қабен бар ы қ ы л а с ы н Сардар тұрған мінбеге аударды (З.Қабдолов, Жалын). Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге ы қ ы л а с п е н тоқылық! (Ы.Алтынсарин). Бұл сөзді естіп қуанып, Мақалбай үйге қайтады. Жан-тәнімен Ишанның, Ы қ ы л а с ы н байқады (Даст. // Болат-Жанат). 3. Көңіл, назар. Ақтармын оқып-жетіп адам атын, Басқаға жоқ ы қ ы л а с бөлуге мен (С.Торайғыров, Шығ.). Дәмелі бүкіл дүниені ұмытып, оған ерекше бір ықыласпен қараған (М.Мағауин, Ақша қар).