з а т. 1. Түтін тозаңынан пайда болатын қара күйе, дақ. От жақпаған үйінің сұры қашып, ы с т а н қорыққан қазақтың құрсын заңы (Абай, Шығ.). Шабарман баланы ы с т а н қарайып кеткен тіреуге тақап қойды (Ш.Мұртазаев, Қызыл жебе.). Ы с т а н қарайып кеткен киіз үй шойыннан құйыла салғандай, орнықты тұр («Қаз. әдеб.»). 2. а у ы с. Ауыртпалық, кірбің, қаяу. Көңілдегі гүлдеріме Ы с ы қонды мұржаның. Наразымын күндеріме, Түндеріме ырзамын (Қ.Мырзалиев, Мәңгі.). «Қалай, – деп, – сөзім осы айтқан?» Түрекең көпке ұсынады! Түсінсеңдер, кетірер, Көкіректегі ы с ы ң д ы! (Тілеуов, Қайрама халыққа тісіңді).