ЫСЫ

lat: YSY

е т. 1. Ауа температурасының жоғарылап ыстық болуы; күйіп кету. Түс аумай-ақ күн ғажап ы с ы д ы (С.Бегалин, Жеткіншек.). Карпаттың ашық күндері әуе айналып жерге түскендей күн қатты ы с ы п кетеді (Қ.Қайсенов, Жау тылы.). Күркіреп жаңбыр жауып күн ы с ы с а, Көркейіп күллі өсімдік дәәденеді. Мал баққан, пішен шапқан, егін орған, Еңбектің шын рахатын ел көреді (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). 2. Адам денесінің қызуы; ыссылау. Ол түнде денесі ы с ы п, қатты дөңбекшіп шықты (Р.Тоқтаров, Ертіс.). Айманкүлдің таңға жақын денесі ы с ы п, мазасы кете бастады (М.Дүйсенов, Мейман.). Қара сайды көргенде, Отырды ол кідіріп. Дел-сал болды денесі Бір ы с ы п, бір суынып (О.Шипин, Дастан.). Бірде тоңған гүлдердей, Бірде жанып ол ы с ы п. Соғыстағы күндердей Келеді әлі соғысып... (С.Мәуленов, Алыс кет.)