Ыдырату әлеуеті

lat: Ydyratý áleýeti

э к о л. Табиғи аумақтың және акваторияның табиғи және антропогендік заттектердіоқыстар мен қалдықтарды) шірітуге және олардың тіршілікке өзі ыдырамай іру кезінде және осы шіріген заттектер кіретін биологиялық (биоталық) айналымның келесі циклдерінде) зиянды әсерін жоюға қабілеттілігі. Топырақ пен суқоймалардағы органикалық тіршіліктің дамуына орай жоғары ы д ы р а т у ә л е у е т і және төмен ыдырату әлеуеті деп сараланады. Мысалы, олиготрофты суқоймалардың ыдырату әлеуеті өте төмен болады. Тундралардағы жағдай да осындай (Қаз. тілі термин. Экология).