Ылғалды шөлдік климат

lat: Ylǵaldy shóldik klımat

а) Ыстық шөлдерге сұғына орналасқан ішкі теңіздер (Қызыл теңіз, Парсы және Калифорния шығанақтары) климаты. ә) Суық ағыстардың немесе тереңдік сулардың (бұлар материк ішіндегі аумақтар мен жағадан алыс жатқан теңіз суларынан суықтау болады) мұхит бетіне жоғары көтерілуінің әсерінен пайда болатын (Перу мен Чилиден солтүстікке қарай Оңтүстік-Батыс Африкада, Оңтүстік Калифорнияда, Сомали түбегінің оңтүстік-шығысында) жағалық климат.