lat: ZÁR
зат. 1. У, заhар.
Зәр ұсынған кісіге нан ұсынған,
Алысудан аулақпын, шабысудан.
Ей, қазақтың баласы, есіңде ұста,
Өлсем өлем, сірә, мен намысымнан! (2,89).
Кісі өлтіргіш қарақшылар, жара салған пендеге,
Ақылдарын ашу жеңген баукеспелер өр кеуде,
Зәрін татпақ дозақтың мынау сыртқы белдеуде (5,53)
// Ащы.
Сырт көзге сыр алдырма, сыр алдырма,
Сенің де бір бақытың тұр алдыңда.
Басыңа мұң әкеліп сені шаққан
Зәр уы қайтар бір күн жыланның да (3,131).
2. ауыс. Қаhар, азап, мехнат .
Жападан-жалғыз жас шыбық,
Басына дауыл төкті зәр.
Бойынан тұнық жас шығып,
Тамырына алды нәр (1,40).
Жасыл емес тас қана дара тұрған,
Сұрынан суықтықтың зәрі атылған!
Тас қаншама мәңгілік болғанымен,
Өнуге емес, өлуге жаратылған (1,215).