ЗАМАНДАС

lat: ZAMANDAS

зат. Заманы бір, тұстас адам.

Мен жырламаймын, сырласамын.

Сыры бар замандаспен мұңдасамын.

Асыққан уақытпен, адымымды,

Абайлап анда-санда бір басамын (3,266).

Қаламгердің творчестволық тағдырын тану, оның анкетасына енген өзгерістерді іліп, бақылап отыру сыншылардың, әдебиетшілердің, қала берді айналасындағы қаламдас замандастарының адагершілік борышы (4,302).

// Қаратпа сөз ретінде де қолданылады.

Айттым сәлем, замандас,

Айналады ғазиз бас.

Мен бір көмір, сол үшін

Аққа күйе жағылмас (1,56).

Замандастар! Достар! Үзілген Қуанышты жалғауға рұқсат етіңіздер! (4,244).