lat: ZAT
зат. 1. Табиғаттағы ірілі-уақты, жанды-жансыз нәрселер.
«Білесің ғой, жастайымнан зат сақтауға олақпын,
Кешір мені, қара басты, орамалды жоғалттым» (1,308).
Қарғам, сені жайым жоқ кем көретін,
Бимағұлым тағдырың сен көретін.
Зат боп неге жүрегім жаралмаған?!
Қарғаларым, сендерге тең бөлетін (3,61).
2. Адамның күнделікті тұрмысына қажетті керек-жарақтары.
Соғылды дабыл, дабырда-дүбір жан-жағым, Соғылды дабыл, жарамас менің қалғаным.
Жорықтың затын өзімше мен де қамдадым,
Солдаттар кеткен алаңға қарай зауладым (3,23).
Артель бастығы Марусяның заттарын алып, үшеуі де сытқа шықты (4,176).
3. филос. Бір нәрсенің жаратылысы, табиғаты, тегі.
Жап-жалпақ жауырыны, жатыр дала,
Ақын дала, алапат батыр дала.
Ақмола мен Қостанай арасында,
Дән өскен татырға да, тақырға да.
Ерекше-ау, жаралысың, затың дала! (2,346).
Шыңыраудан үн шықты шырылдаған:
– Өлдім-ау, өлдім, апа, күнім қараң!
Қарақшы, сұм қарақшы затың құрсын!
Өлдім, апа, естімей жатырмысың? (1,192).