ас-СИФАТ

lat: as-SIFAT

(Жекеше сифа, қасиеттері", "сапалары", “мінездемелері") "Тәңірі қасиеттерін" белгілеу үшін алғаш рет мутазилашылардар енгізген атау. Қалам дамуының алғашқы сатыларында ас-Сифат баламасы ретінде “мәндері", “ойлары", “идеялары" атауы қолданылды. Бірқатар мутакалимдер атауының орнына ахуал атауын пайдаланды, сондықтан да оларды ас-хаб әл-ахуал деп атады.

Тәңірі тұлғасында жағымды ас-Сифаттың болуы “сендіру" деп, ал оны жақтаушылар ас-Сифатайлер деп аталды; оны теріске шығарушыларды жалаң қағидашы-дәстүршілер “айыру”, яғни тәңірін қасиетінен айыру, оны жақтаушыларды әл-муаттилдер деп атады. Соңғыларына Ибн Сина мен оның ізбасарлары жатқызылды, бұлардың ілімі бойынша Тәңіргеалғашқы себеп” арақатыстылық қасиеттер және “мәңгілік" сияқты жағымсыз қасиеттер беріледі. Ас-Сифаттың “білім" - құдірет және тәңірлік мәннен өзгеше сипаттамалар түріндегі шындықты мойындамайтын мутазилашылардың көзқарастары да татилге жатқызылды.

Мейлінше кең тараған түріне қарағанда ас-Сифат мәндік қасиеттерге және әрекет қасиеттеріне мәндік сипаттаушы, сондай-ақ әрекет етуші қасиеттерге бөлу де кездеседі. Суфизмде "білгір", "мейірадан" сияқты сұлулық қасиеттер және "ұлы", "құдіретті" сияқты ұлылық қасиеттер, сондай-ақ кәмелеттік касиеттер ерекше көрсетіледі. Бұлардың соңғысы тәңірін "жаратушы", “өзіне жеткілікті" сияқты сұлулық та, ұлылық та қызметтерге жата алады. Сопылар бұлармен қоса Құдайдың өзіне, оның қасиеттеріне берілетін және оның мәндік, қасиеттік және әрекетін білдіретін белгілеріне қарай аталатын Тәңір есімдесі туралы да айтады. Ашариттер ас-Сифатты тәңірге, оның мәніне теңестірмейді және оған ажыратпайды. Асхаб әлАхуал Тәңірі кейпін сипаттағанда оны жанды деп те, жансыз деп те атамайды. Пайдақор суфизм тәңір есімдеріне өздігінен емес, біздің қалауымызға қарай ажыратылатын Тәңірі қасиеттері ретінде қарады.