lat: asosıasıa
1. қ о ғ. Іс-әрекеттің бір тектестігіне қарай жеке адамдардың, мекемелердің, ұйымдардың ерікті түрде біріккен одағы.
Сонымен қатар Сәкен қазақ совет әдебиетінің негізін салушы, әрі сол әдебиеттің тұңғыш ассоциациясын ұйымдастырушы («Қаз. әдеб.»).
Қазақстандағы орыс қауымдастығының жетекшісі Юрий Бунаков, корейлер ассоциациясының төрағасы Юрий Цхай, еврейлердің «Мицва» мәдени орталығының басшысы Александр Барон, өзбектердің «Достлик» қоғамының төрағасы Розақұл Халмұратов және Қарашай-балқар ұлттық мәдени бірлестігінің төрайымы Людмила Хочиевалар біздің елімізде де ұлттардың тілдері мен мәдениеті өркендеп, құқықтары сақталып отырғандығы жайлы Елбасына алғыстарын жеткізіп, алдағы атқарылар шаруаларға қатысты пікірлерін білдірді («Қаз. әдеб.»).
1930 жылы Қазақстан пролетар жазушыларының ассоциациясы құрылды («Қаз.әдеб.»).
2. п с и х. Адам санасында болатын жеке психикалық процестердің арасындағы байланыс.
Түсіну процесін ассоциацияларға сүйене отырып дәлелдеу ғылыми тұрғыдан дұрыс принцип болып есептелінеді (М.Мұқанов, Пед. очерк.).
Ой сыртқы дүниенің әсерінен пайда болып, мида ассоциациялар тәрізді іске асып тұрады (М. Мұқанов, Бақылау).
Ассоциация таным процесінде үлкен орын алады (ҚСЭ).
3. х и м. Зат молекулаларының (немесе иондарының) екілеп, үштеп қосылуынан тұратын химиялық құбылыс.
~ Ассоциация құбылысы.