АСПАНДА

lat: ASPANDA

е т. 1. жоғары көтерілу, самғау.

Ашулы оқ текпісімен көтерілген теңіз суы биік сырықтай аспандап барып, үлкен кеменің үстін жауып өтеді (Ә.Сәрсенбаев, Толқын.).

Аспандап ұшқан қызғыш құс!

Сені көлден айырған лашын құстың текпіні (Махамбет, Шығ.).

Кіші бесін кезінде қыр астынан бір түлкі қылаң етіп еді,Сұлтан томағасын алып, Сарбалақты қоя берді. Бүркіт аспандай беріп, жерге шүйілді (Ә. Тарази, Асу.).

2. Ұзару, биіктеу.