АТА

lat: ATA

е т. 1. Адамның я бір нәрсенің атын айту.

Байсал енді шұғыл істелетін жұмыстарды атады (М.Иманжанов, Менің махабб.).

Шамасынша өз көмегін Базаралы да атаған еді (М.Әуезов, Абай жолы).

Мені атама, бұл жүрек-жынды дерсің,

Ұмтылған аламын деп күнді дерсің (М.Жұмабаев, Шығ.).

2. э т н. Бір нәрсені біреуге сыйлайтындығын мәлімдеу.

Ербол да бір қара атады (М.Әуезов, Шығ.).

Атам өлсе атамас малымның бірі еді (Ғ.Мұстафин, Дауыл.).

Алтынбек көк төбелін атап қойды. Бәйгі алған мейрамдарда сан жарысып (Ж.Өмірбеков, Батыр.).