АУДАРМАШЫ

lat: AÝDARMASHY

з а т. Бір тілден екінші тілге аударушы, тәржімеші.

Біздің аудармашыларымыз ондағы сандардың қазақ ауылына, қазақ болысына қаншалық үйлесетінін көп ескермеген (М.Дулатов, Шығ.).

Кеткин өзінің қасына ерген Коллонтаймен және Москваның басқа да екі коммунист әйелімен бірге Советтер үйінің қызыл мүйісіне келіп, бізбен аудармашы арқылы сөйлесті (Аялы жандар).

Аудармашы білімді, екі тілді де еркін білетін, жазу-сызуға ебі бар адам болуға тиіс («Қаз. әдеб.»).