АУДАРМАШЫЛЫҚ

lat: AÝDARMASHYLYQ

з а т. Аудармашы болу өнері, кәсібі.

Сондықтан да сөзбе-сөз көшірмешілдікке қарсы, аудармашылық арқылы «тіл жасаушылыққа» қарсы күресіп отырмыз ғой (М.Қаратаев, Туған әдеб.).

Бірақ та мен де бір кезде асқан ақындық шеберлікті керек қылатын аудармашылық өнерге ден қоярмын деген игі тілектің жетегінде болатынмын («Қаз. әдеб.»).

Шегарашылардың көбі - орыстар. Қазақша білмейді. Бірлі-жарым қазақ солдаттар бар, аудармашылық жасайды (Б.Соқпақбаев, Бастан кеш.).