АУДАРУ

lat: AÝDARÝ

Аудар етістігінің қимыл атауы; қопару, төңкеру, аударыстыру.

Бөленіп сол шаттыққа колхозшы ел,

Еңбекке аттанғанда қайысты жер.

Қыртысын қара жердің аударуда,

Жігерлі қозғалыспен еңбекшілер (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).

Бетін [жүзін] аудару. жұрттың назарын өзіне не басқаға қарату.

Шындығын сезе тұра, күншілдікпен

Мін іздеп, арсыздыққа салмас едім.

Жақыным, жұрттың бетін аударуға

Қара боран салса егер, нанбас едім... (С.Торайғыров, Алаш ұраны).