АУДАРУ

lat: AÝDARÝ

Аудар етістігінің қимыл атауы.

1.     Бір тілдегі шығарманы екінші тілде айтып беру не жазып шығу, тәржімелеу.

Осы бір он бес шумақты аудару үшін, кем дегенде жүз беттей оқу керек болады-ау (С.Бақбергенов, Алтынемел.).

2. и н ф. Бағдарлау тілінде бағдарламаны оған ұқсас басқа тілдегі бағдарламада түрлендіру.

Динамикалық аудару виртуал адресті жадқа қатынас құру процесінде нақты адреске айналдыру (Қаз. тілі термин. Информатика.).

Мәліметтерді аудару - бір мәліметтер базасын басқару жүйелері арқылы ұйымдастырылған алғашқы мәліметтер базасын басқа жүйенің объектілік құрылымына айналдыру (Қаз. тілі термин. Информатика.).