АУҚАТТЫ

lat: AÝQATTY

с ы н. Әлді, қуатты, дәулетті.

Ауқатты қазақтың үйі. Зейнеп жылап отыр. Қайғылы күйде. Біреу-міреу жылағанын естіп қала ма дегендей елеңдеп, есік жаққа қарап қояды (М.Дулатов, Шығ.).

Еңбегін сіңірмесе ешкімге бидай бермеңдер, бидай еңбеккүнге, адал еңбекке беріледі, сонсоң ауқатты боласыңдар (С.Ерубаев, Шығ.).

Арғы тегі сол төңіректегі ауқаттыру (3. Ақышев, Ақбел.).