АШАРШЫЛЫҚ

lat: ASHARSHYLYQ

з а т. 1. Аш болушылық; жоқшылық.
Дос болсаң құшақтасып, жанға балап,

Сөз айтсаң бір-біріңе «шырақ-қарақ».

Алты күн ашаршылық көрсең-дағы,

Жемесең бірің жоқта, бірің тамақ (А.Байтұрсынов, Шығ).

Ат үстінде күн көрмей,

Ашаршылық шөл көрмей,

Өзегі талып ет жемей,

Ер төсектен безінбей...

Ерлердің ісі бітер меахамбет, Өлеңд.).

Ашаршылықта жеген құйқаның дәмі кетпес (Мақал-мәтел).

2. Табиғат қолайсыздығы немесе қоғамдаш зобалаң салдарынан ел ішінде болған жұт, аштық. Тағы сол Мұкамалұлы сөзін одан ары сабақтап: «Төніп келе жатқан ашаршылық апатының алдын аларлық астық, жем қоры тақааусылды...» (М.Шоқай, Таңд. шығ.). Ашаршылық басталған кезде қаладан бос қаптарын сүйретіп қаусаған, ерні кезерген өңшең аштар келіп қайыр сұраған болатын (М.Жұмабаев, Шығ.). Ол қоянда [жыл] қатты ашаршылық болды. Пәлен жерде атқұлақтың басын үгіп, көже қылып ішті деп үлкендердің аңыз қып айтып отырғандары есімде бар («Қазақ»).

Бұрынғыдай аста-төк молшылық болмағанымен,

Бұл жаққа ашаршылықтың аяғы өлі жете қоймаған секілді (Қ.Жұмаділов, Соңғы көш).

3. Жұтаңдық, жоқтық, тапшылық. Монополиялық үстемдік ақшааржы жүйесінің дағдарысы, жалпылама тауар ашаршылығы кезінде экономиканың ауыр жағдайын мейлінше шиеленістіреді (Б.Жүнісов,.. Нарық. экон. негіз.).