АШУЛАНШАҚ

lat: ASHÝLANSHAQ

с ы н. Тез ашуланғыш, ызақор. Мұндай жағдайда балалар ашуланшақ болады, ауырсынып ыңқылдайды, тыным таппай тынышы кетеді, дөңбекшиді, тамақтан, тіпті су ішуден де бас тартады (Б.Айтқожина, Бронх демікпе.). Жасында жетімдік өмірдің тауқыметін көп тартып, жүйкесі жұқарып өскен адам тарынғыш, ашуланшақ болады (Б.Соқпақбаев, Менің атым.).

Адамзат төрт нәрседен болған екен,

Адамды төрт нәрседен қылған екен.

Адамға от нәсілі көп қосылса,

Ашуланшақ болуы сонан екен (Шал ақын, Өлеңд.).