АШУЛАНШАҚТЫҚ

lat: ASHÝLANSHAQTYQ

з а т. Ашуланғыштық, ызақорлық, күйгелектік. Оның шырт кететін ашуланшақтығы да байқалған (Ә.Қанахин, Ауыр күн.). Папа, осы күйгелектігіңді, ашуланшақтығыңды қойсаң қайтеді? (С.Ерубаев, Шығ. жин.). Осыған байланысты қан аздық, бас ауру, шаршағандық, ұйқышылдық, орынсыз ашуланшақтық, асқа тәбетінің жойылуы сияқты белгілер пайда болады (Б.Хабижанова, Бала организм.).