АШЫҚХАТ

lat: ASHYQHAT

з а т. б а с п а. Ққттықтау, шақыру т.б. елеулі шаралар мен мерекелерге қатысты өз тілектерін білдіруге арналған әсемделген баспа өнімі.

Ашықхаттай аштым саған кеудемді,

Қара көздер, кім сүймеген сендерді.

Жалғыз ауыз жауабыңды аядың,

Ой тұсаулап, бой құрсаулап сенделді (С.Мәуленов, Алыс кетіп.).