АЩЫЛА

lat: ASHYLA

е т. 1. Тұзды, қышқыл тамақ жегісі келу, ашырқану. Бөрібай екі қалтасын тінткілеп, еш нәрсе таба алмады. Қап, ақшасы түскір бітіп қапты-ау. Апыр-ай, ащыламасам, аузымның дәмі кірмеуші еді (Т.Ахтанов, Қаһарлы күн.). Бұлар етке тойған күні түзды сорға келіп, ащылайды (Қ.Төукебаев, Айлалы.). Біраз қымыздық жұлдым. Ащылап та жүрмін (Ә.Қанахин, Жер бас.).

2. м а л ш а р. Ащы шөпке жаю, тұз жалау. Кесек тұздарды қой жусайтын орындарға шашып тастайды, ащылағысы келген қой тұзды өздері келіп жалайды (М.Ермеков, Қазақст. қой шаруаш.).

Таз басындай аламыш,

Шағыр шыққан шоқшоқ боп.

Суын басып, ащылап,

Жайылып жүрген мал топ-топ (Б. Майлин, Шыт.).