ӘДЕМІ

lat: ÁDEMİ

с ы н. 1. Сырт пішінінің келістілігімен, дұрыстылығымен, бояуының, кескінінің тартымдылығымен көзге түсетін (зат, нәрсе). Оған жалпақ басқұр, тегеріш, терме бауларының өшекейі қосылып, отау сүйегі қызыл көрлен кеседей әдемі-ақ (Қ.Мұстафин, Көз көрген). Аяқтары қандай әдемі еді! Өкшелі де үсітті, белтірлігі қиылып тұр. Ат үстінде өскен қазақ баласында сирек кездесетін аяқтар (Ғ.Мүсірепов, Ұлпан). Абай ақырын сөлем беріп, жасаулы отауға кіргенде, аққұба жеңге төсек жанында тұр екен де, Тоғжан жерде көрпе үстінде отыр екен. Табалдырықтан төрге шейін жайылған әдемі алаша. Тамның бар қабырғасы түскиіз, жібек кілеммен қапталыпты (М.Әуезов, Шығ.).

2. Сұлу, ажарлы, келбетті, көрікті (адам). Мадияр сарала көрден кесе мен шайды шекіп ішіп, самауыр қасында тал жібектей созылып отырған әдемі қызға ұрлана көз жүгіртеді (С.Омаров, Күншуақ).

Би болмас белін жалпақ буғанменен,

Ағармас асылы арам жуғанменен.

Байқасақ, ажар басқа, ақыл басқа,

Пайда жоқ құр әдемі туғанменен (Кердері Әбубәкір, Қазағым).

Әйелдер-ай!

Әйелдер-ай!

Қандайсың?!

Әдемі боп кетіпсің ғой әрқайсың.

Біреу жеріп тұрсадағы қалмайсың,

Біреу сүйіп тұрсадағы бармайсың.

Әйелдер-ай!

Әй айлар-ай, қан- дайсың?! (М.Мақатаев, Шығ.).

3. Көркем, әсем көрінетін (табиғат құбылыстары мен нысандарына қатысты).

Қайда барсам да Жетісудай сұлу,

Жетісудан қүнарлы, әдемі жерді көрмедім (С.Бақбергенов, Адам.).

Жаздың жарқыраған әдемі күнінде жауар бұлттай қаһарлана қалған, мынау қалың елдің осыншама сұс көрсетуіне өзі себеп Әбілқайыр енді өкінді (І.Есенберлин, Алмас.). Күн тымық, әлде- қандай бір әдемі түрге көшкен (С.Шарипов, Шығ.).

Жаздың түні барқыт еді әдемі,

Ашық еді бүкіл аспан әлемі.

Ай сөулесі түсіп тұрды жүзіңе,

Қабағыңда сөл көлеңке бар еді (Т.Молдағалиев, Шақырады көктем).

4. Әуезділігімен, үйлесімді үнімен, құлаққа жағымды.

Ойлай берсең,

Ой деген не қызыққа келер кез.

Кісі айтпаған, білмеген,

Күй әдемі, төтті сөз (Абай, Тол. жин.).

Көрші үйден жалғыз әйел айтқан аса бір әдемі нәзік ән келіп түр (М.Әуезов, Абай жолы).

Жолықпасаң, күйреп бір үл тілегі,

Жолымның болмауы да мүмкін еді.

Естілмей де қалар ед біздің үйде,

Сәбилердің әдемі күлкілері (Т.Молдағалиев, Шақырады көктем).

5. Хош, жұпар, аңқыған (иіс). Алуан күндермен үйыса өскен жоңыш- қалы жасыл миялар жапырыла түсіп сұлағанда әлдеқандай әдемі бір иіс бұрқырап ұшады (С.Бегалин, Таңд. өңгім.). Мұрнына әдемі хош иіс келеді. Сарғайып піскен қауынның иісі. Күләбі, торлама қауындар өң беруге тым ертерек («Лен. жас»).

6. Сәнді, жарасымды, келісті. Кең бөлменің сол жақ терезеге қарсы бітеу қабырғасында оюлы түскиіз, әдемі жиылған баршау төсегі тұр (М.Әуезов, Шығ.). Үйықтап жатқан жап-жас сұлу қыз, үстіндегі киімі де әдемі, шаһардан келгенге ұқсайды (С.Шарипов, Шығ.). Арбаның екінші жақтауына сүйеніп, орысша әдемі киінген бұйра бас жігіт тұр (Ғ.Мұстафин, Қарағанды).

7. Жанға жайлы, көңілге ұнамды. Үзілмей, қатаймай бір қалыппен желпіп соққан әдемі салқын қоңыр жел қандай рахат. Осы желмен құлпыра толқып, су бетіндей жыбыр қағып шалқып жатқан ал күрең кәде мен селеу далалары... дала емес, теңіздері қандай! (М.Әуезов, Абай). Жылы, сәнді, жанға жайлы әдемі отырыстан шыққан соң көңіл күйі сылқ төмен түсіп кетті (Р.Тоқтаров, Терістік.). Апамның әдемі әзіл өңгімесінен қуат алып, мен де сыртқа шықтым (Ү.Уайдин, Ендігісі.).

8. а у ы с. Қызығы мол, тартымды. Қырандарды аң-құсқа салу - саятшылықтардың ең әдемі түрі. Қазақ құсбегілері сұңқар тектестері өз ішінен сұңқар, қара сұңқар, ақбас сұңқар, ақ сұңқар деп бірнеше түрге жіктейді (Ж.Бабалықұлы, Қыран.). Сонда да болса, елдің еңсесі көтеріліп ел- жұрттың шырайына өң кіре бастаған әдемі шақ (Ы.Жақаев, Менің бақытым).

9. Ішкі мазмұнының тереңдігімен, үйлесімімен, толысқандығымен ерекшеленетін. Бағанағы сазған жүрегімді әдемі мұң қабыздап баяу ғана соғады (О.Бөкеев, Қайдасың.).

Апарардай бәйгі төр алаңына,

Ерік берсем жыр сауған қаламыма.

Әр әжімнен әдемі із табамын.

Жомарт өнер жол салған талабына (К.Салықов, Жезкиік).

10. Әсерлі, бейнелі, көркем (сөз, ой). Ұлт өмірінде болған, ұлт тарихына жазылған яки халық аузында әуезе болып айтылып жүрген уақиғаны алып, яки уақиғада халықтың еткен қайратын, азаматының көрсеткен өнерін, жігерін, ерлігін, намысқорлығын яки адамшылығын әдемі түрде өсерлі сөзбен жыр қылып шығару бар (А.Байтұрсынов, Шығ.). Ақбала сияқты әдемі сөйлемеді. Кібіртіп, кібіртіктеп, ыңылдап қояды (Ж.Аймауытов, Шығ.). Алғашқы беттен одан ешкім де көлемді очерктер, әдемі суреттемелер тілеген жоқ, үйренесің ғой, әзірге қалауың білсін дескен (М.Мағауин, Қыстау). «Әдемі жазылған нәрсе, сөз жоқ әдемі!» деп қалғанын білмеді. Кенет бетіне қан жүгіріп, сұрғылт тартқан өңі жадырап өткір көзіне мейір шапағат үйіріліп бара жатты (Р.Райымқұлов, Қыз - айна).

11. Бабына жеткізілген, дәмді. Сол күні апам әдемі нан пісірді. Жұп-жұқа қатырма, сәл қалыңдау пәтір, күреңденіп күнге ұқсаған тандыр, қазан жаппа, майы шылқыған шелпек, тоқаш... («Лен. жас»). Әлгі тандырға жабылған әдемі нандар қайда? Кәдімгі мұз набаттан алдыр, - деді шайхана бастығы (С.Адамбеков, Қожанасыр.).

12. Жақсы, дұрыс (іс-әрекет туралы). Әзиз аккордионды нақыштап, әдемі тартады (Ә.Тарази, Үлкен ауыл). Жоңышқа өспейді деген бос далбаса, жоңышқа өскенде қандай әдемі өседі. Тек қар суын пайдаланып ерте салу керек (С.Шаймерденов, Мезгіл). Сауырынан басып жүріп, семізі, момыны, тәттісі осы болатынын саудагарлер жақсы білген, әдемі таныған (М.Әуезов, Қилы заман). Сылдырмақ неғұрлым жақсы сылдырласа, кішкене шарлар әдемі боялса, олар баланың көңілін соғұрлым қатты аударады (Семья тәрбиесі).