ӘДЕМІШЕ

lat: ÁDEMİSHE

с ы н. Әдемілеу, өңділеу, реңділеу. Гүлия олай-бұлай ғана әдеміше келіншек емес, айта қалғандай сұлу (С.Сейфуллин, Әңгім.). Бір купеге үш кісі міндік, біреуі совнархоздың орынбасары, денелі, қызыл бет әдеміше келген қазақ (З.Шашкин, Өмір.). Әдеміше келген, дөңгелек жүзді қара келіншек бір рет солдаттар қалжыңдағанда қып- қызыл болып теріс айналып кетті (Т.Ахтанов, Қаһарлы күн.).