ӘЖЕ

lat: ÁJE

з а т. 1. Әкесінің, сондай-ақ анасының шешесі, үлкен шеше.
Қорықпа деп қу кемпір

Қыздарға айтты ақылды.

Қойнына тығып құшақтап

Шашын сипап отырды.

Құлағына сыбырлап,

Екі ерні жыбырлап,

Екеуіне жегің деп

Екі бүйрек береді.

Әжеңнен сарқыт деген соң

Екі сұлу сенеді (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).

Өмір-сайыс, жүгі ауыр көш екен,

Қадір білер бауырымды дос етем.

Бала күнде әжем маған көп айтқан

«Дүние кезек» дегендері осы екен (К.Салықов, Жезкиік).

Өрге шапшып өр өзен,

Елпең-селпең желе ме.

Бұрынғыдай кәрі әжем,

Құрт, ірімшік бере ме? (Т.Молдағалиев, Шақырады көктем).

2. Жасыі ұлғайған әйелге құрметпен айтышатыт қаратпа атауыш. - Олар бізге киім бере ме,әже? - деді бала көзі мөлдіреп (С.Омаров, Әңгім.). - Әже, тамақты қалай қыламыз, менің қарным ашты? - деді (С.Шарипов, Шығ.).

-Әже, мынау ақшаға өзің көйлек ал, - деп бір бөлегін әжесіне берді (С.Бегалин, Мектеп.).