ӘЖЕЙ

lat: ÁJEI

з а т. Жасы үлкен әйелге құрметтеу мағынасында айтылатын атауыш сөз.

Қарның ашып қалды ғой,

Айналайын Құралай!

- Әжей сүйтіп безектер,

Одан басқа не десін.

Немереге кезек кеп,

Күтсе жақсы-ау әжесін (Т.Молдағалиев, Құралай).

Тағы бір күн думан тойға барып ем,

Бір қарт әжей көңілі нәзік, жаны кең,

Мен әжеңнің құрбысы едім деді де,

Маңдайымды сипады үнсіз қолымен (М.Шаханов, Ғасырлар.).

От көсесең,

Қолдағы

Көсеу басы күйеді,

Әйел десең болғаны,

Әжейлерге тиеді (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).