ӘЖЕТАЙ

lat: ÁJETAI

з а т. э к с п р. Әжесінен немесе жасы сол тұстас адамнан бір нәрсені жалына сұрағанда, құрметтеу мағынасында айтылатын қаратпа атауыш. Немересі әжесінің мойнына орала түсіп: - Айтшы, әжетай, айта қойшы, әжетайым! Әже құрбақа мен бала құрбақаның әңгімесін (Ө. Тұрманжанов, Менің кітаб.). Әжетай-ау, біз кіретін үйді қабылдайтын күйеу балаңыз екен. Бізді алдымен кіргіз, астыңғы қабатынан бер деп тапсырсаңыз қайтеді (Ш.Хұсайынов, Таныс адам.).