ӘЙГІЛІ

lat: ÁIGİLİ

с ы н. 1. Белгілі, танымал.

Келгендер бітім іздеп Рүстемге,

Қапыда қолға түсіп болды пенде.

Сыпырып атын, тонын жалаңаштап

Масқара қылды әбден әйгілі елге (І.Жансүгіров, Шығ.).

Кентауым,

Қазығұртым,

Қара- тауым,

Әулиеата - әйгілі ақ отауым,

Тойға шашу жіберіп, торқа жауып,

Әлдилеп жатыр бөрі Алатауын.

Арыма,

Оңтүстігім - бақ Отаным (М.Мақатаев, Шығ.).

2. Даңқты, атақты, айтулы.
Ақыл жастан шығады, асыл тастан,

Арнасына сарқады өзен тасқан.

Менің атым - әйгілі Балуан Шолақ,

Ерегескен дұшпанның көңілін басқан (Балуан Шолақ).