ӘКЕ

lat: ÁKE

з а т. 1. Балалы болған ер адам.
Әй, әке, неге қашып түсің кетті,

Айтсайшы әлдекімге болдың кекті.

- Ай, балам, бүгін жаман бір түс көрдім,

Сол түстен қорыққаннан есім кеттіатырлар жыры).

Ол әкесіне тартып пысық, біртоға болып өсті де, әкеден қалған шағын шаруаны дөңгелек айналдырып, шалқытып өкеткен (О.Бөкеев, Үркер.). Сондағы айтары тар заман туды, бүгінгінің адамдары әбден бұзылып болды, әкені тыңдарлық ұл, шешеге иба көрсетерлік қызды таба алмайтын ғарасат күні таянып қалды деп қапаланды (Ы.Дүйсенбаев, Әңгім.).

Балалы әйел ел анасы,

Ұрпақты әке - ел панасыазақ әдебиеті).

2. Малдың т.б. жан-жануарлардың еркегі; аталық мал. Қозылардың әкесін, енесін тұқымдық қасиеті жағынан дұрыс сынау өте қиын болады (М.Ермеков, Қазақст. қой шаруаш.).

Құлагер әкең тұлпар, шешең сұңқар,

Соғып ең дөненіңде сегіз арқар (Ақан сері, Шығ.).

3. а у ы с. Бір нәрсенің ең зоры, мықтысы, күштісі. Қуырдақтың әкесін түйе сойғанда көрерсің (Мақал-мәтел).

Дін - ғылымның анасы,

Дін - ғылымның әкесі.
Ғылым - діннің баласы,

Дін - ғылымның көкесі!!! (М.Мақатаев, Шығ.).

Ұрғанның әкесін көрсетермін, - дейді ол кінәлап («Қаз. әдеб.»).

4. Әкесінің замандастары, қатарластары.

Күн астында жалтылдап

Күрек, қайла, кетпендер,

Көк тастан от жарқылдап,

Көп әкелер өткен бел (М.Әлімбаев, Жүрек.).