ӘКЕЙ

lat: ÁKEI

з а т. 1. Өз әкесін құрметтеп, сыйлау мағынасында айтылатын қаратпа атауыш. Әкей, мында қараңызшы (Ауызекі).

2. Өз әкесін немесе жасы сол тұстас ер адамды құрметтеу мағынасында айтылатын атауыш. Әкей оянып кетер ме? Жеңешем біліп қояр ма? - деп, келуін келе жатса да, Шәмкештің жүрегі де түрмай барады (Ж.Аймауытов, Шығ.). Сол кеткеннен мол кетті әкей хабарсыз, Сағынғанмен қайдан іздеп табармыз (Қ.Жармағамбетов, Баллада.). Ол біздің әкеймен жолдас еді, генерал атақтарын қатар алған (Ғ.Қайырбеков, Дала.).