ӘКЕЛ

lat: ÁKEL

е т. Алып келу, жеткізу.

1954 жылы

Жетектеп қызды әкелген соң да сен үйге,

Міндеттісің ұлым, сүюге және сенуге.

Міндеттісің сен қабағына кірбің түсірмей,

Сексенге, тоқсан, жүзге де бірге келуге (Т.Молдағалиев, Шақырады көктем).

Шыдаймын Қауласа да жалын ішкі,

Сау басым болмас бірақ жалынышты.

Әкелдің екеумізге мәңгі серік,

Сарқылмас көз жұмғанша сағынышты (К.Салықов, Жезкиік).

Орталық Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игереміз деген сылтаумен Ресейден, Украинадан жүз мыңдаған адамды қазақ даласына көшіріп әкелді, Сарыарқадағы жүздеген ауылдар таратылып, оның орнына бірыңғай европалықтар тұратын ірі совхоздар жайғасты («Қаз. әдеб.»).