Әлеует

lat: Áleýet

Белгілі бір нүктеден электрлік, тартылыс және т.б. күш өрісін сипаттайтын өлшем. Элекростатикалық әлеует.

2. қ о ғ.- с а я с и. Қарым, шама, мөлшер; бір мақсатқа жұмсалатын құралдың, қордың, негіздің жиынтығы. Кездесуге қатысушылар барлық қоғамдық-саяси күштердің сырдарлы өзара ықпалдастығы үшін өріс болып табылатын тұрақты жұмыс істейтін Кеңестің әлеуетін жоғары бағалады («Егемен Қазақстан»). Шындап келгенде, бізден әлеуеті әлдеқайда мығым елдер де абыржыңқырап қалған сияқты («Жас Алаш»). Көпшілік алдында саясаттың негізгі құралына айналған қазақ тілі өзінің бай да қуатты әлеуетінің арқасында, патриотизм мен саяси мәдениетті дамытатын Қазақстан Республикасының өзіндік идеологиясын қалыптастыру ісінің ұйтқысына айнала алады («Жас Алаш»).

3. Күш, қуат. Тең әріптестік дегенге екпін түсіре сөйлеуімнің мәні бар. - Батыстағылар көбіне-көп біздің елдерден «ақылды бастарды алып кетуді» ғана көздеп, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуетті арттыруды ойларына да алмаса, ежелден етене Ресей ғылымы бірлесе зерттеу жүргізу, қосыла іздену жолын ұстанатыны құптарлық («Егемен Қазақстан»).