Әлеуетті

lat: Áleýetti

с ы н. 1. Күшті, қарулы. Бекіш жуан қарнын кеудеме тақап, талдырмаш денемді әлеуетті қолымен қапсыра құшақтап алды да, қарлыққан рабайсыз даусымен жылай берді (С.Шаймерденов, Мінез).

2. Мүмкіндігі жеткілікті, әлді, ахуалы жоғары.

Уа, ғажап, жайнап жатқан шай даласы,

Ну жыныс, аққан бұлақ айналасы.

Қамшымен ұрып жатыр үнді қартын,

Ағылшын, әлеуетті бай баласы (Қ.Бекхожин, Дала комисс.).

Әлеуеттілер тап ретінде жойылып, мал-мүлкі тәркіленді («Түркістан»).