Әлеуметтік

lat: Áleýmettik

с ы н. Қоғамдық, өмірлік, қоғамга тән. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары (ҚР Конституциясы). Тұтас алғанда, аталған ар- намыс Кодексі еліміздің жедел экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңаруы кезеңімен сәйкес дер кезінде қабылданды («Алматы ақшамы»). Қаржының бұндай мақсаттарға жұмсалуы, әлеуметтік саладағы мезгіл-мезгіл шиеленісіп тұратын қайшылықтарды басуға, азаматтардың кедей топтарының мүддесін ескере отырып жеке табыстарды барынша біркелкі бөлуге мүмкіндік береді (Б.Жүнісов, Нарық. экон. негіз.).