ӘЛСІЗДІК

lat: ÁLSİZDİK

з а т. 1. Күш -қуаты, қайрат- жігері кемдік, әлеуетсіздік. Маған намыс қой, өлім ғой! Қартайғаныңды, әлсіздігіңді білдіресің ғой (Ж.Аймауытов, Шығ.). Қазақтың тұңғыш театрының бірегей артистерінің біреуі - денсаулығының әлсіздігінен кейінгі бірер жылдан бері пенсияға шыққан, аты Қазақ театрының тарихына алтынмен жазылған осы Қалекең (С.Мұқанов, Есею жыл.). Әлсіздік пен аштыққа енді үрей араласты, малшылар кезікпесе, күнім не болмақ? (Б.Соқпақбаев, Өлгендер.).

2. Осалдық, бостық. Ұлық өз әлсіздігін біліп, Абайдың ақылына, біліміне амалсыздан құштар болатын (М.Әуезов, Әр жыл.).

Елің саған артып еді көп сенім.

Әттең, терең тамырың жоқ

Үлкен досың жоқ сенің.

Әлсіздігің осында! (М.Шаханов, Ғасырлар.).

Адал жанда жоқ күреске даярлық.

Аңқаулығы әлсіздікке саярлық...

Азаматты арандатар оп-оңай

Арамзаның бойындағы аярлық (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).

3. м е д. "грек. аsteniа" Адамның қажу, жүдеу, ақыл-ой және дене еңбегімен ұзақ уақыт айналыса алмай, әлсіреуімен сипатталатын күйі. Жүйке жүйесінің тозу белгілері тон әлсіздік церебрастения (әлсіздіктің жиі кездесетін түрі) деп аталады (Қаз. тілі термин. Педагогика.). Интоксикация кезінде баланың басы ауырады, әлсіздік болады, тәбеті төмендейді (Ғ.Құттықожанова, Бала. жұқп. ауру). Уланудың белгілері бас айналу, жүрек айну, жиі жүрек соғуы, әлсіздік, қара терге түсу, дене бөрту және көгеру (С.Сұбханбердин, Өсімдікдәрі.).