ӘНШІ

lat: ÁNSHİ

з а т. 1. Әнді нақышына келтіре жақсы орындаушы, ән айтушы.
-«Оншама жұрт айтарлық әнші де емен,

Қайтпасын мәселіңіз сіздің берген».

Азырақ бастап шертіп алдыдағы,

Құдитты «Құлагерді» төңкерілген (И.Байзақов, Таңд.).

- Қайтсін қолы тимепті,

Өлеңші, әнші есіл ер!

Ала жаздай ән салсаң,

Селкілде де, билей бер! (Абай, Шығ.).

2. Ән айтумен кәсіп ретінде арнайы айналысатын адам. Әміренің тұстарынан да, кейінгелерден де, дауысының, жоғарылығы, тазалық, өрнектілік жағынан оған таласатын қазақ әншісін мен өзім көрген жоқпын (С.Мұқанов, Есею жыл.). Операның әншілері, көп дауысты хорлары, симфониялық оркестрлері үлкен мәдениеттің, өскендіктің тұрақты белгілерін көрсетеді (Ғ.Мүсірепов, Суреткер.).

Тағы да ол ойға шомған шың басында,

Сол шыңдай алып оның тұлғасы да

Ақынның қозғап ішкі дүниесін,

Сал Біржан, әнші Әсет тұр қасында (С.Мәуленов, Алыс кетіп.).

// Сауықшыл, думаншыл. Ақсай ауылы - әнші ауыл, үлкенді-кішілі кішкентай жиын-той ән-айтыссыз өтпейді (Ж.Мұртазаев, Мылтықсыз.).