ӘНШІЛ

lat: ÁNSHİL

с ы н. 1. Әнді жақсы салғыш, ән айтқыш. Үбі ақын емес. Бірақ жасында әншіл, өлеңді тез жаттағыш болатын (Қ. Жұмалиев, Айқас).

Жеріне біздің жақтың лайық ері,

Ер палуан, аңшыерген, әншіл, сері.

Жасынан жүйрік мініп өскен бұлан,

Жау жүрек, ер көңілді жігіттері (С.Сейфуллин, Өлеңд.).

2. а у ы с. Құйқылжытқыш, сайрағыш.
Жер жүзі рақметіңмен балқыса да,

Ерімес сонда менің іште мұзым.

Сандуғаш,  әншіл құстар сайраса да,

Сары маса маза бермес маған ызың (Ә.Найманбаев, Шығ.).