ӘҢГІМЕЛЕСУ

lat: ÁŃGİMELESÝ

з а т.  п е д. Ақыл белсенділігін артыруға бақытталған оқыту, тәрбие әдістерінің бірі. Оқушы әңгімелесу барысында мұғалім мен жолдастарының қойған сұрақтарына жауап бере отырып, өтілген материалдарды қайталап, бекітеді және білімін толықтырады (Қаз. тілі термин. Педагогика.). Әңгімелесу әдісі оқушыларға эмоциялық, эстетикалық өсер етеді (Қаз. тілі термин. Педагогика.).Әңгімелесудің сапасы оқытушының тәрбиесіне, әдістемелік шеберлігіне байланысты (ҚҰЭ).

2. п с и х. Нақты жоспар бойынша күні бұрын әзірлеген сұрақтар арқылы бақылауга алынған адамның ерекшеліктерін, білім деңгейін тексеру әдісі. Зерттеушілерге күдік тудырмау үшін әңгімелесу көбіне жанама түрде ұйымдастырылып, оның жауабы жазылып алынады, кейін мұқият талданып, тиісті қорытындылар шығарылады (ҚҰЭ). Әңгімелесу психологияның әртүрлі салаларында (әлеуметтік, медициналық, балалар психологиясы және т.б.) көп қолданылады жөне сыналушыны психологиялық эксперимент жүргізу жағдайында енгізудің, кірістірудің негізгі әдісі болып табылады (Қаз. тілі термин. Педагогика.).