ӘҢГІМЕШІЛ

lat: ÁŃGİMESHİL

с ы н. Әңгіме айтқанды ұнататын, ділмар, әңгіме айтқыш. Бұл жолы Шоқанды Тақырбас Атығай ұлы алып жүрді. Бейсеннен жасы көп кіші, өте бір сергек, әңгімешіл жігіт еді (С.Бегалин, Бала Шоқан).

Бар жанымен, балаша,

Күлетұғын әдемі.

Әйтеуір бір тамаша

Әңгімешіл шал еді (С.Жиенбаев, Алтын қалам).

Әлгі бір әңгімешіл шалдар да сөзді неден бастарын білмей «імм, імм, шай алыңыз, кәне» деп қысқа-қысқа үн қатып отыр (Д.Исабеков, Қара шаңырақ).