ӘПКЕ

lat: ÁPKE

з а т. 1. Бірге туған, туысқан қыздардың бір-біріне қатысты жас жағынан үлкенінің туыстық атауы. Әпкесі жаңа бітірген көк кемзалын кигізді. Жаңа кемзалына бала мәз. Тігіп кигізгенге әпкесі мәз (Ж.Аймауытов, Шығ.). Қонақжай сыйыменен,

Бір шерткен көңіл күйін.

Әпкемнің үйіменен

Көрші еді-ау сенің үйің (М.Шаханов, Ғасырлар.).

Шабытпен шықты шырқап кектесіне,

Ақындық жеткізді оны жетпесіне.

Көп оның інісі де, ағасы да,

Көп оның қарындасы, әпкесі де (Т.Молдағалиев, Шақырады көктем).

2. э к с п р. Өзінен жасы үлкен қыздарға, әйелдерге назарын аудару үшін құрметпен айтыла тын қаратпа атауыш. Ләззат әпке, маған бердің бе, қайтып алмайсың ба? - деді Айғаншаның бес жасар қызы (Т.Ахтанов, Дала сыры).