ӘПКЕЛ

lat: ÁPKEL

е т. с ө й л. Әкел.

Хош уақытсып сөйлейді шал барқылдап,

Қол қусырып Әзім тұр, сөзін тыңдап

Асын жеп, қолын жуып болғаннан соң,

Әпкел деп ішкілікті қойды ымдап (Абай, Шығ.).

Өнерімді көріңдер,

Маған бата беріңдер.

Қаракөз бен Айнамкөз,

Әпкелейін келіңдер.

Бұл сөзіме сеніңдер (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).

Атама ат шаптырып ас беремін,

Ардақтап ақсақалға бас беремін

Екіншісі, Ер Төстіктен іздеп барып,

Кегімді тірі болсам әпкелемін.

Ақжелек, Ақырғандай ата-анамның,

Көз жасын көл қылғанға өкпелімін (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).