ӘПСАНА

lat: ÁPSANA

 з а т. ә д е б. Халықтың наным-сеніміне, арман-қиялына байланысты туған ауызекі прозалық шығарма. Ежелгі заманда болған кейбір оқиғалар, ойдан шығарылған, кітаби, діни аңыздар әсірелене әңгімеленіп, әпсанаға айналған (ҚҰЭ). Өзбек, ұйғыр әдебиетінде әпсана термині аңыз, тарихи аңыз деген ұғымды білдіреді (Әдеб. термин.). Бірде шетелдік белгілі бір саясатшы маған мынадай әпсана айтып еді («Қаз. әдеб.»).