ӘРІПТЕС

lat: ÁRİPTES

з а т. 1. Топ алдында қолма-қол суырып салып айтысушылар.
Мен болмасам, әріптесің көңілге алған,

Несіне өткізіп ап қылдың арман.

Өзіңнің уақытында нашарлығың,

Замандас, әріптестен құры қалған (Айтыс).

Той-думанда өзара айтысатын ақындар да бір-біріне әріптес болады (ҚҰЭ).

2.ат. еда> Қызметтес, кәсіптес; мамандық, қызметтік атақ жағынан ұқсас адамдар.

Қызметіңе ертең ерте тұрып бар.

Әріптестер

- Соншалықты қылықтар.

Адам сорлы - еңбекақы алған соң

- Істеп жүрген жеріне де кіріптар! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).

Бар, әрине, қыстырмасы,

Қоспасы.

Ағайындар ара- мызға сөз тасып,

Ажырасып кеткен әріптестермен

Үлгеруім керек қайта достасып! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).

Институт ғалымдары еліміздің басқа орталықтарындағы әріптестерімен бірлесіп, ғылыми зерттеулерді нығайту жөне ең бастысы қолданбалы инновациялық қосымшаларды жүзеге асыру жөніндегі өздерінің ұсыныстарын дайындауда («Егемен Қазақстан»).

3. Спорт ойындарындағы қарсылас жақ. Мұраттың финалдық кездесудегі әріптесі американдық он тоғыз жасар боксшы Питор Сандорес болатын (Б.Соқпақбаев, Жекпе-жек).

4. Мүдделес, ынтымақтас ұжымдар, кәсіпорындар, мемлекеттер. Бірақ шетелдік инвестор бізге бәсекелес емес, іскер, білгір, әріптес болуы керек («Түркістан»). ТМД елдеріндегі әріптестерімізбен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз («Егемен Қазақстан»). Ресей - қазақ елінің негізгі әріптесі («Түркістан»).