ӘРІПТЕСТІК

lat: ÁRİPTESTİK

з а т. қ о ғ.-с а я с и. Мүдделестік, ынтымақтастық. Екі ел арасындағы экономикалық әріптестікті белсенді ете түсу сыртқы тауар айналымын айтарлықтай арттыруға жағдай туғызады («Егемен Қазақстан»). АҚШ Қазақстанға көмек, сыйақы бермейді. Менің ойымша, АҚШ пен Қазақстан өзара әріптестік шеңберінде жұмыс істейді («Жас Алаш»).