ӘУЕЖАЙ

lat: ÁÝEJAI

з а т. Ұшақтар мен жолаушыларды ұшыратын, қабылдайтын мекенжай. Табиғат катаклизмі салдарынан тоғайлар мен электр желісі жолдарының бағандары құлаған. Су астында қалған көшелердің ұзындығы 119 шақырым болды... Тьет өзені тасып, Сау-Паулу әуежайы жұмысын тоқтатты («Алматы ақшамы»). Нұр сәулелі Мәдинада әуежай шаһардан онша қашық емес («Егемен Қазақстан»). Әуежай - ұшақпен ұшатын жолаушылар аялдайтын жер; авиация көмегімен жолаушылар, жүктер және пошта тасуды қамтамасыз ететін, аэровакзал мен аэродромнан тұратын тасымалдау мекемесі (Қаз. тілі термин. Тамақ.).