ӘУЕН

lat: ÁÝEN

з а т. 1. Ән немесе күй сазы. <грек. melodia - сөз, әуен> Мен табынатын бір пікір бар ол өн мен күйдің әуеніне елтитін жан біреудің өміріне қастандық жасамайтыны өз алдына, ешқашан да ешкімді қорламаса, жәбірлемесе керек (Ғ.Мүсірепов, Суреткер.).

Алжыдың ба, қайным-ау,

Ай тумайды,

Баяу әнді балбырап сай тыңдайды.

Қойға күзет болсын деп отырмын да,

Баяғыдай жақсы әуен айтылмайды (М.Мақатаев, Шығ.)

Жастық шақтың көп-ақ шығар өтеуі,

Арман содан ашылатын гүл екен.

Мен дүкеннен оралғанда, екеуі

Бір әуенді қосыла айтып тұр екен (М.Шаханов, Ғасырлар.).

2. Түрлі дыбыс, дауыс, шуыл. Біз егер жануарлардың шулауы, бұлттың күркіреуі, судың сылдыры сықылды жаратылыстың түрлі әуенін естімесек, жаратылыс бізге жансыз, мылқау болып көрінер еді (М.Жұмабаев, Шығ.).

Самал жел әуеніне қосыламын,

Тамаша толғайды екен тосу әнін.

Сыбырлап сені сұрап оңашада,

Ол дағы тексерердей шошынамын (К.Салықов, Жезкиік).

3. л и н г в. <грек. melodi cos > Сөйлеу кезіндегі тіл дыбыстары ағымының негізгі тон жиілігі. Әуен- интонацияның негізгі компоненттерінің бірі (Қаз. грамм.). Барлық тілдердегі интонацияның ең басты да универсалды компоненті - әуен. Себебі қай тілдің болса да, басқа тілдерден айырмашылығын білдіруде әуеннің рөлі ерекше жөне ол тілдің бірден- бір өзгешелік белгісі бола аладыаз. грамм.).

4.     а у ы с. Бір нәрсенің ықпалынан болатын әсер, сарын. Талдырмаш, аққұба жігіт алып- ұшқан жүрегінің әуенімен асығыс шықты үйден (Ғ.Мұстафин, Қарағанды). Жалғыз отырған қызға жігіт құштарлығы бозбалалық әуені болса болар, бейбастық болмас (С.Жүнісов, Ақан сері).

5. а у ы с. Сарын, мәнер. Жазушылардың идеялық қазығының беріктігі көркем шығармалардағы азаматтық әуен жайлы келелі мәселе қозғаған кенелі мақалалар бөріміздің есімізде («Қаз. әдеб.»). Абай поэзиясының қорғасындай салмақты әуенге түсуі, ауызекі сөз ырғағына жуықтауы (Т.Әлімқұлов, Абай).

6. а у ы с. Ыңғай, икем, сыңай. «Барсам барайын, - деген ой келген маған, - сөйлесейін, өзінің әуеніне қарай кеңесейін, ар жағын көре жатармын» (С.Мұқанов, Есею жыл.). Кеменің әуеніне қарай жел еспейдіақал-мәтел).